+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қазақстандық журналист «Орел и Решка» бағдарламасын жүргізді

2020 жылғы 19 сәуір 18:27
Бөлісіңіз:
Қазақстандық журналист «Орел и Решка» бағдарламасын жүргізді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Данияр Қожан «Орел и Решка» бағдарламасының Нью-Йорктегі шығарылымын жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түсірілім жұмыстары туралы Данияр ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берді.

«12 сәуір күні Instagram парақшама «Орел и Решка» бағдарламасының редакциясы хабарласты. Олар менің Нью-Йорктегі қызықты жазбаларымды көрген. Мұндағы жағдай «өте қиын» дегенді естіп, қаланың қазіргі өмірін түсіріп жіберуді сұрады. Түсірілімде Нью-Йорктің танымал көшелерін, дәрігерлердің жұмысын, уақытша құрылған ауруханаларды көрсетуге тырыстым», - дейді Данияр.

Данияр Қожан Алматы қаласында туған, Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Қазір Нью-Йоркте «Ballon Stoll Bader» заңгерлік компаниясының пиар-менеджері болып жұмыс істейді.

«Өзім де саяхаттағанды жақсы көремін, әзірге 15 мемлекетте болдым. Америкаға да анам екеуміз келіп, штаттарды аралағанбыз. Осылайша, заңгерлік компаниядан ұсыныс түсіп, пиар-менеджер қызметіне қабылдандым», - деп түсіндірді ол.

Данияр бұған дейін де қазақстандық телеарналарда журналист, продюсер болып жұмыс істеген.

«Өмірімдегі маңызды материалдардың бірі - танымал боксшы Майк Тайсонмен эксклюзивті интервью дер едім. «Орел и Решка» бағдарламасын түсіргенде де өзім оператор, өзім монтажер болдым. Оның мәтінін жазуға қазақстандық журналист Анар Үмбетова көмектесті. Қазір Анар да Америкада тұрады. Нәтижесінде Нью-Йорк туралы шығарылымға өте жақсы лебіздер келіп жатыр. Бағдарламаның бас продюсері Елена Синельникова хабарласып, алғыс білдірді. Енді Нью-Йорк туралы келесі шығарылымды әзілеп жатырмыз. Онда халықтың коронавирус инфекциясынан жазылғанын көрсетерімізге үміттенемін», - дейді Д. Қожан.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT