+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Қазақстандық жұп тұңғыш рет Ролан Гаррос турнирінің финалына шықты

2021 жылғы 10 маусым 18:03
Бөлісіңіз:
Қазақстандық жұп тұңғыш рет Ролан Гаррос турнирінің финалына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар Александр Бублик пен Андрей Голубев жұптық сында Ролан Гаррос турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жәнібек Әлімханұлы әлемнің экс-чемпионымен айқас алдында коронавирусқа тест тапсырды Футболдан Қазақстан біріншілігі: Бүгін 17-тур ойындары басталады Қазақстандық теннисші Германиядағы турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық жұп жартылай финалда испаниялықтар Пабло Андухар – Педро Мартинеспен күш сынасты.

Спорттық жолдарында 33 жастағы А.Голубев пен одан он жас кіші А.Бублик бұған дейін «Үлкен дулыға» турнирлерінде жұптық сында осымен екінші рет жартылай финалда бақ сынады.

Жеті жыл бұрын А.Голубев аустралиялық Сэм Гротпен бірге Ролан Гаррос турнирінің жартылай финалына дейін жетіп, болашақ жеңімпаздар Жюльен Беннето мен Эдуард Роже-Вассленге 6:3, 3:6, 4:6 есебімен есе жіберді.

А.Бублик тағы бір қазақстандық Михаил Кукушкинмен бірге 2020 жылғы Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалында болашақ чемпиондар, америкалық Раджив Рам мен ұлыбританиялық Джо Солсбериден 6:4, 3:6, 4:6 есебімен ұтылып қалған еді.

Бұл жолы испаниялық жұп матчты қарқынды бастап, бірінші партияда бет қаратқан жоқ – 6:1.

Екінші сетте есеп 4:4 болған мезетте қазақстандықтар брейк жасай білді. Сосын А.Бублик допты өте сәтті берді – 6:4.

Үшінші, шешуші партияда есеп 3:3 болғанда, қазақстандық жұп брейк жасады. Ақыры А.Голубев матчқа доп бергенде, қазақстандықтар жеңісті жұлып алды – 6:4.

Тартысты бәсеке 1 сағат 44 минутқа созылды.

Қазақстандықтар финалда Франция ашық чемпионатының 2-ракеткалары, колумбиялықтар Хуан-Себастьян Кабаль – Роберт Фарах немесе корт иелері Пьер-Юг Эрбер – Николя Маю жұптарының қай жеңгенімен бас жүлдені сарапқа салады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Тимофей Скатовтың Алматы турнирінің ширек финалына шыққанын, Елена Рыбакинаның жұптық сында Ролан Гаррос жарысының жартылай финалына өте алмағанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ қазақстандық теннисші Словакиядағы турнирдің ширек финалына шықты.

Дмитрий Попко Алматы турнирінің ширек финалына өтті.







Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT