Қазақстандық жүк көлігі Ресей трассасында апатқа ұшырады

None
Фото: vk.com/ugibdd
ЧЕЛЯБІ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Ресейдің Челябі облысында қазақстандық жүк көлігі апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірдің мемлекеттік көлік инспекциясына сілтеме жасап.

Мемлекеттік автоинспекция Челябі-Троицк автожолында төрт көліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр.

Кеше, 30 наурыз сағат 17.30 шамасында Челябі-Троицк автожолының 143-шақырымында «КАМАЗ» автокөлігінің жүргізушісі тоқтап тұрған «Газель» көлігіне соқтығысқан.

Содан кейін «Газель» қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып, «Хово» көлігіне соғылды, ал «КАМАЗ» жартылай тіркемесі бар «Мерседес» көлігін барып соқты.

Жол апаты салдарынан «Газель» жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Оқиға орнында жол полициясының 3 экипажы жұмыс істеп жатыр. Кері қозғалыс ұйымдастырылды.


Соңғы жаңалықтар