+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Қазақстандық ЖОО Өзбекстанның мектеп түлектеріне грант бөлді

2019 жылғы 11 желтоқсан 11:59
Бөлісіңіз:
Қазақстандық ЖОО Өзбекстанның мектеп түлектеріне грант бөлді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақ мемлекеттік заң университеті Өзбекстанның орта мектепті бітірген 10 түлегіне грант бөледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аталған ЖОО-ға сілтеме жасап.

«ҚазМЗУ басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев Қазақ мемлекеттік заң университетінде Өзбекстанның орта мектеп түлектеріне білім алуға және жатын орынға 10 гранттың бөлінетіндігін жария етті. Ол бұл жайында Scopus Award 2019 сыйлығын табыстау шарасы аясында Өзбекстан Премьер-министрінің орынбасары А.Абдухакимов пен Өзбекстанның Халыққа білім беру министрі Ш.Шерматовпен кездесуінде айтты», - деп атап өтеді университеттен.

Талғат Нәрікбаев Ташкентке сапары аясында Өзбекстан Әділет министрінің орынбасары – Ташкент мемлекеттік заң университетінің ректоры Рахим Хакимовпен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Естеріңізге сала кетсек, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ташкентте Орталық Азия Мемлекет басшыларының Консультативтік кездесуінде Қазақстанның ең үздік жоғары оқу орындарында білім алу құқығын бере отырып, өңірдегі әр мемлекетке 10 грантттан бөлуді ұсынған еді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT