Қазақстандық ЖОО-лардың бірқатары жекешелендіріледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда бірқатар жоғары оқу орындары жекешелендірілетін болады. Бұл туралы Үкіметтің 2015 жылдың 30 желтоқсанындағы «2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» № 1141 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысының жобасында көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш құжатта жекешелендіруге жатататын мемлекет иелігіндегі ұйымдардың тізімі жарияланған. Олар: «Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті», «КИМЭП университеті» АҚ, «О.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті» АҚ, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы» АҚ, «М.С.Нәрікбаев атындағы ҚазМЗУ университеті» АҚ, «Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.

Аталған тізімге «Жезқазғанредмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық кәсіпорны, «Қазақ мәдени ғылыми-зерттеу институты» ЖШС де кіруі мүмкін. 

Қаулы жобасын талқылау 20 қыркүйекке дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар