+7 (701) 759 90 19
USD 378.60 EUR 417.75
RUB 6.13 CNY 54.58
Jańalyqtar

Қазақстандық ЖОО-лар «Quacquarelli Symonds» агенттігінің шараларына қатысады

2019 жылғы 11 желтоқсан 13:36
Бөлісіңіз:
Қазақстандық ЖОО-лар  «Quacquarelli Symonds» агенттігінің шараларына қатысады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның жоғары оқу орындарының бағдарламаларында кәсіпкерлік модулі ұлғайтылады. Бұл туралы бүгін Қазақстанның ЖОО ректорлары кеңесінің отырысында Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Энергетикалық батончик, глютенсіз ұн, қақталған ет - Ғалымдар Президентке қандай өнім таныстырды Президент тапсырмасы: Елімізде тағы 5 ЖОО лицензиясы тоқтатылмақ Диплом тарататын конторға айналған ЖОО-ларға қатал шаралар қабылдануы тиіс - Тоқаев

«Шетелдік серіктес жоғары оқу орындарымен байланыстар белсенді дамуда. Академиялық ұтқырлық, оқытушылардың біліктілігін арттыру, білім бағдарламалары мен ғылыми зерттеулерді бірге жүзеге асыру аясында ынтымақтастық туралы жоғары оқу орындарымен жаңа уағдаластықтарға қол жеткізілді. Біздің университеттер позициясының маңызды индикаторларының бірі - бұл олардың әлемдік рейтингтерде орын алуы. Осыған орай кеңес отырыстарында ғылыми индикаторларды өлшеу және жақсартуға, ЖОО-ларымыздың әлемдік білім кеңістігіндегі танымалдығын арттыруға қатысты мәселелер қарастырылды. Талқылау қорытындысында халықаралық білім беру ландшафта академиялық беделді арттыру, ЖОО-лардың QS шараларына («Quacquarelli Symonds» - британдық консалтингтік компанияның нұсқасына сай әлемнің үздік университеттерінің рейтингі) және басқа да агентіктердің шараларына қатысту туралы шешім қабылданды«, - деді Ерлан Сыдықов.

Оның атап өтуінше, қазанда Қазақстанның бірқатар жоғары оқу орнының өкілдері Еуразия ұлттық университеті, Литва университеті және QS ұйымдастырған халықаралық саммитке қатысқан.

ЕҰУ ректорының айтуынша, ЖОО-лардың академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейту туралы туралы заңның қабылдануына байланысты Ректорлар кеңесі білім берупроцесін жақсартуға бағытталған белгілі бір жалпы әдістер бойынша көптеген ұсыныс әзірлеген. Сонымен қатар кеңес күшелері «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын талқылауға тікелей қатысқан. Кеңес кәсіпкерлік жөніндегі модульдердің бірілім беру бағдарламаларын арттыру, ғылыми жобаларды коммерцияландыру, ЖОО-лардың инновациялық конкурстар мен жобаларда белсенділігін көтеру туралы шешім қабылдаған.

Айта кетейік, Ректорлар кеңесі осыдан 4 жыл бұрын Білім және ғылым министрлігінің және жетекші ЖОО ректорларының бастамасымен құрылды. Бүгінде кеңес құрамына 49 ЖОО ректоры кіреді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Білім, ЖОО-лар,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT