+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қазақстандық ЖОО дипломдары Еуропа елдерінде де жарамды болады - ҚР БҒМ

2020 жылғы 17 қыркүйек 14:43
Бөлісіңіз:
Қазақстандық ЖОО дипломдары Еуропа елдерінде де жарамды болады - ҚР БҒМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылдан бастап еліміздегі жоғары оқу орындарының түлектеріне жаңартылған қосымшалары бар диплом беріледі. Ол қосымшада елімізде алған жоғары білім біліктілігінің еуропалық біліктілік санатымен сәйкес екені міндетті түрде көрсетілетін болады.

Ұқсас жаңалықтар
Есеп комитеті Білім министрлігінің шығыстарына аудит жүргізеді Педагогикалық мамандықты таңдайтын түлектер саны артып келеді – Білім министрі Нұрсұлтан Назарбаев қоры жасанды интеллектіге арналған оқыту жобасын іске қосты

Қазақстан Республикасының Жоғары білім беру ұлттық біліктілік шеңберінің өздігінен сертификаттау бойынша есебін Болон процесінің хатшылығы қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Енді еліміздегі жоғары оқу орындарының дипломдары Еуропа елдерінде жарамды болады. Бұл шетелдік азаматтар тарапынан қазақстандық жоғары білімге деген қызығушылықты арттырады.

Қазақстандық жоғары оқу орындары түлектерінің біліктілігі еуропалық біліктілік санатымен сәйкес келеді. Болон процесі хатшылығы қабылдаған өзін-өзі сертификаттау бойынша есепті дайындау үшін Білім және ғылым министрінің бұйрығымен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылған болатын. Оның құрамына ҚР БҒМ, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы, салалық қауымдастықтар және қазақстандық жоғары оқу орындарының өкілдері кірді.

Өзін-өзі сертификаттау бойынша есеп Жоғары білім беру үшін ұлттық біліктілік шеңберінің Еуропалық жоғары білім беру кеңістігімен (ҚР ЕЖБК) үйлесімділігі мен салыстырмалылығын көрсетті. Бұл Қазақстанның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жөніндегі ұлттық жүйенің еуропалық жоғары білім беру кеңістігінің білім беру жүйелерімен сәтті үйлесімділігінің айқын дәлелі болып табылады.

«Болон процесі еңбек нарығында азаматтардың ұтқырлығын дамыту, еуропалық жоғары білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, жоғары білімнің ұлттық жүйелерін үйлестіру үшін 1999 жылы 29 елдің Білім министрлерінің бастамашылығымен құрылғанын естеріңізге саламыз»,-делінген хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлзат Ақжолова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT