+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қазақстандық жолаушылар вагоны неліктен шетелде жөнделеді

2020 жылғы 16 қаңтар 18:09
Бөлісіңіз:
Қазақстандық жолаушылар  вагоны неліктен шетелде жөнделеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық темір жол вагондары шетелдік кәсіпорындарда жөнделеді. Оның себебін «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директорының орынбасары Асылхан Қалдыкөзов түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысында екі көлік соқтығысып, 3 адам зардап шекті Алматыда тағы қандай көшелерде автобус жолағы пайда болады Пойыздарда жолаушыларға қызмет көрсетудің жаңа стандарттары қабылданады

Оның айтуынша, 2019-2020 жылдары шамамен 85 вагонды жаңарту жоспарланған. Бір вагонды жаңартуға шамамен 100 млн теңге қаржы кетеді. Ал жаңа вагонның құны 400 млн теңгеден асып жығылады.

«Қазақстанда отандық вагон жасау зауыты бар болғанымен оның шамасы жетпейді. Постсоветтік кеңістікте Ресей, Украина және Беларусь зауыттары бар. Міне, осы зауыттар бізге қызмет көрсетеді. Біздегі үш компанияның ең ірісі Алматы вагон жөндеу зауыты саналады. Бірақ, олардың шамасы жетпейді. Себебі мәселе вагондардың сапасын түбегейлі жақсарту жайында болып отыр», - деді ол бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Бас директоры орынбасарының дерегінше, қаңтар айында жаңартылған вагондардың алғашқы легі елімізге жеткізіледі.

«Олар еуропалық стандартпен әрі сапамен жөнделген. Жолаушылар үшін барлық қолайлы жағдай жасалған. Нақты айтқанда онда орнатылған дүниенің бәрі жаңа. Бір бөлігін, Баларусьта, енді бірін Украина мен Ресейде жөндейміз», - деді Асылхан Қалдыкөзов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT