Қазақстандық жігіт қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыруды ұсынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өткен «3.2.1.Старт!» байқауында инновациялық мектеп пен қоқысты ажыратып жинау туралы ұсыныстар қазылардың ерекше назарын аударды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«3.2.1.Старт!» жобасының жеңімпазы атанған «Tazalyk» экобокс жобасының авторы Айбек Рахым 1 500 000 теңге грантты жеңіп алды. Ол бұл ақшаны өз идеясын жүзеге асыруға жұмсамақ.

Айбектің жобасы  арнайы экобокстар дайындап, халық арасында қоқыс тастаудың жаңа мәдениетін қалыптастыруды көздейді. Бұл жобаны одан әрі жаңғырту үшін Айбек мобильді қосымша да ойлап тапқан. «Tazalyk» мобильді қосымшасы арқылы тұрғындардың әрекетін бақылауға болады. Аталған жоба шикізаттың қайта өңдеу зауытына түсуіне септігін тигізбек.

Қазылар алқасы Амира Сүлейменова атты қатысушыны да арнайы сыйлықпен марапаттады. Амира мүмкіндігі шектеулі жандарға инновациялық мектеп ашу жобасын қорғап шықты. Ол ерекше жандардың  ғаламтор арқылы жаңа білім алып, қоғамға бейімделуін қалайды. Оларды онлайн оқыту курсын ашу үшін Амира компьютерге қол жеткізді.
nullnull

Соңғы жаңалықтар