Қазақстандық жеңіл атлеттерге 11 млн теңге сыйақы тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық жеңіл атлеттер қысқы маусымдағы республикалық жарыстарда жоғары нәтиже көрсеткені үшін 11 миллион теңгеден астам сыйақы алды, деп хабарлайды "SPORTINFORM" САА ҚР Жеңіл атлетика федерациясының сайтына сілтеме жасап. 

Ең жоғары сыйақыға Кубок пен чемпионат финалының жүлдегерлері ие болды. Бірінші орынға - 300 мың теңге, екінші орынға 200 мың теңге, үшінші орынға - 100 мың теңге берілді. Кубоктың бастапқы кезеңдерінде сыйақы мөлшері сәйкесінше 30 000, 20 000, 10 000 теңгені құрады.

Кубоктың I кезеңінде - 21, II кезеңінде - 16, ал III кезеңде (финал)  17 спортшыға сыйақы төленді. 22 жеңіл атлет Қазақстан чемпионаты үшін сыйақы алды. Тағайындалған сыйақылардың жалпы мөлшері 11 080 000 теңге болды. Оның ішінде  5 600 000 теңгені қазақстандық жеңіл атлеттер Қазақстан чемпионатында, ал 4,5 миллион теңгені Кубоктың финалында иеленді.

Жеңіл атлеттерге берілген ең жоғары сыйақы - 1 миллион теңге, яғни 3 мың доллар болды. Біршама атлеттер 2 мың доллар көлемінде сыйақы алды. Биыл жасалған допинг-сынамалардың нәтижесі белгілі болғаннан кейін  Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясы республикалық ойындарда жоғары нәтиже көрсеткен спортшыларға 11 миллион 80 мың теңге сыйақы тағайындады.

 

Соңғы жаңалықтар