Қазақстандық жеңіл атлеттерден Қытайда өтетін Гран-при турниріне кімдер қатысады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 4-7 маусым күндері Қытайдың Чунцин қаласында жеңіл атлетикадан Гран-при турнирінің екі кезеңі өтеді. Аталған сынға Қазақстан атынан 14 спортшы қатысады деп хабарлайды Olympic.kz.

Турнир жүлдесіне төмендегі спортшылар таласады:

- Михаил Литвин (400 метр);

- Давид Ефремов (кедергілер арқылы 110 метрге жүгіру);

- Иван Иванов (ядро лақтыру);

- Александр Каспер (эстафета);

- Сергей Русак (эстафета);

- Дамил Сүтжанов (эстафета);

- Ольга Сафронова (100 метр, эстафета);

- Римма Кашафутдинова (эстафета);

- Светлана Голендова (400 метр, эстафета);

- Элина Михина (400 метр, эстафета);

- Маргарита Мукашева (800 метр);

- Варвара Лисичкина (800 метр);

- Надежда Дубовицкая (биіктікке секіру);

- Әйгерім Шыназбекова (кедергілер арқылы 100 метрге жүгіру, эстафета).

Соңғы жаңалықтар