Қазақстандық жеңіл атлеттер Таиландта үшінші «алтын» жеңіп алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық жеңіл атлет Полина Иванова «Thailand Open Track & Field 2019» халықаралық турнирінде алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Полина сырықпен секіруден 18 жасқа дейінгі спортшылар арасында бақ сынады. Ол 3,70 метрді бағындырып, жарыс жеңімпазы атанды.

Айта кейік, бұған дейін Мария Овчинникова (үш қарғып секіру) мен Елизавета Матвеева (биіктікке секіру) аталған турнирде алтын медаль иеленген болатын.

Бангкок астанасында 18 мамыр күні басталған «hailand Open Track & Field 2019» турнирі 21 мамырға дейін жалғасады. Ашық чемпионатқа 17 мемлекет пен 4 кәсіби клуб қатысуда. Ел намысын қорғауға аттанған жеңіл атлеттер: Иван Иванов (ядро лақтыру, 21 мамыр), Мария Овчинникова (үш қарғып секіру, 19 мамыр), Елизавета Матвеева (биіктікке секіру, 19 мамыр), Полина Иванова (сырықпен секіру, 20 мамыр) Спортшылар жеңіл атлетиканың 22 түрінен сынға түседі.

Соңғы жаңалықтар