Қазақстандық жеңіл атлеттер Қытайда өткен турнирде 6 медаль жеңіп алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қытайдың Чунсинь қаласында жеңіл атлеттердің халықаралық Asian Grand Prix Series турнирі аяқталды. Қазақстандық команда бұл жарыстан 6 медаль алып қайтты, деп хабарлайды Olympic.kz.

10 метр қашықтыққа жүгіруден Ольга Сафроноваға тең келер жан болмады. Сондай-ақ бірінші орынға Иван Иванов (ядроны итеру) пен Михаил Литвин (400 метр) және Маргарита Мукашева (800 метр) қол жеткізді.

Надежда Дубовицкая болса, биіктікке секіруден күміс медальды жеңіп алды. Сондай-ақ Рима Кашафутдинова, Элина Михина, Ольга Сафронова мен Светлана Голендова 100 метр қашықтыққа 4 айналымға жүгіруден үздік үштікке ілінде.

Осылайша, команда активінде 6 медаль бар: 4 алтын, 1 күміс және 1 қола.

Соңғы жаңалықтар