Қазақстандық жеңіл атлеттер Азия чемпионатында үш алтын еншіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан өкілдері жеңіл атлетикадан 20 және 18 жасқа дейінгілер арасында Ашық Азия чемпионатына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Қыркүйектің соңғы күндері (29-30.09. 2021) Ташкент қаласында (Өзбекстан) жеңіл атлетикадан 20 және 18 жасқа дейінгілер арасында III Ашық Азия чемпионаты өтуде. Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы сапында «Алтай-Атлетикс» клубының жас спортшылары өнер көрсетіп, жарыстың алғашқы күнінде бірден үш «алтын» медаль олжалады.

Олар: Рыпакова Анастасия — 5.90 (ұзындыққа секіру), Бромат Валерия — 12.32 (100 м) және Ефим Тарасов — 49.04 (400 м), сондай-ақ Анастасия және Валерия ҚР құрамасы сапында 100 м-ден 4 эстафетаны жеңіп алды. Біздің спортшыларды құттықтаймыз!» - деп хабарлады «Алтай Атлетикс» клубының баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар