Қазақстандық жекпе-жек шебері Мәскеу төрінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнап, ән салды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық жекпе-жек шебері, «Найман» деген лақап атпен белгілі Қуат Хамитовтың кезекті жеңісінен соң боз кілемде тұрып ән салған сәтінің бейнекөрінісі бүгін әлеуметтік желілерде желдей есті.

Жекпе-жек шеберінің ән салып тұрған сәтін инстаграм желісінде v_astane атауымен тіркелген азамат та жариялады. Ол Қуат Хамитовтың ресейлік спортшыға қарсы өткізген жекпе-жегінен соң қол жеткізген жеңісін Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнайтынын жазыпты.

Бейнематериалда спортшының сөйлеген сөздері анық естіледі.

«Бүгін менің елімде қасиетті мереке. Бүгін Қазақстанның өз Тәуелсіздігіне қол жеткізгеніне 25 жыл толып отыр. Сонымен қатар мен де бүгін өзімнің 25-ші жекпе-жегімді өткіздім. Мен осы жеңісімді еліме, Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнаймын» деп ағынан жарылады жеңімпаз бейнекөріністе.

Осы сөздерден соң ол боз кілемде тұрып микрофонға «Елім менің» әнін шырқата жөнелді.

«Әнді орындап болған соң, Хамит боз кілемге алып шыққан Қазақстанның туын сүйді»,-деп жазады материалдың авторы.

Айта кетейік, қазақстандық танымал жекпе-жек шебері Қуат Хамитов Мәскеуде өткен Fight Nights Global 57 турнирінің аясындағы жекпе-жегін ресейлік Гаджи Рабадановқа қарсы өткізген болатын. Қуат қарсыласын үшінші раундта буындыру әдісімен жеңді.

Казахстанский боец Куат "Найман" Хамитов прямо в октагоне поблагодарил всех за поддержку и посвятил победу 25-летию Независимости Казахстана, назвав этот праздник священным для страны. Боец также отметил, что число его боев - теперь их 25 - совпадает с годовщиной суверенитета страны. Затем Хамитов спел песню на казахском языке и поцеловал вынесенный государственный флаг Казахстана. __ Куат Хамитов дебютировал с победы в российском промоушене Fight Nights Global. __ В рамках турнира Fight Nights Global 57 в Москве его соперником был россиянин Гаджи Рабаданов. Как отмечает издание, большую часть первого раунда бойцы потратили на разведку. В одном из эпизодов Хамитов сумел хорошо попасть по сопернику, но не успел добить его. Во втором раунде никто не смог досрочно завершить бой, зато в заключительном Хамитов выиграл удушающим приемом, заставив соперника "уснуть".

Видео опубликовано Astana | Kazakhstan (Жми▲+) (@v_astane) Дек 16 2016 в 11:55 PST

Соңғы жаңалықтар