USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Қазақстандық жауынгердің сүйегі Отанға Молдовадан жеткізілді

2021 жылғы 8 мамыр 13:31
Бөлісіңіз:
Қазақстандық жауынгердің сүйегі Отанға Молдовадан жеткізілді

НҰР-СҰЛТАн. ҚазАқпарат - Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Молдова аумағындағы Кокочены хуторы (қазіргі Войнеску) үшін фашистік басқыншылармен болған қиян-кескі шайқастарда 1944 жылы қаза тапқан қазақстандық жауынгер Иван Чередниктің сүйегі мен жауынгерлік наградаларын Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдеріне ресми түрде табыс етті.

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Осы жылдың ақпан айында Хынчешть ауданының Войнеску ауылының маңында молдовалық іздеушілер кеңес сарбаздарының бауырлас әскери зиратын тауып, олардың арасында жерлесіміз, пулеметшілер тобының командирі, гвардия кіші сержанты Иван Чередниктің жеке басы анықталды.

Молдова Республикасының Қорғаныс министрлігі мен «Победа» ұлттық үйлестіру комитеті Кишинев қаласындағы «Мәңгілік» мемориалдық кешеніндегі «Белгісіз солдаттың» қабірінде құрмет қарауылы ротасының қатысуымен оған тиісті әскери құрмет көрсету бойынша ресми рәсім өткізді.

Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында Қазақстанның Молдовадағы Елшілігі павлодарлық «Майдан жолы» іздестіру-зерттеу жасағымен бірлесе отырып, жауынгердің сүйектерін туған қазақстандық жерге жеткізуді ұйымдастырды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT