Қазақстандық жаттықтырушы ресейлік команданы басқаратын болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық маман Сергей Волгин воронеждік «Факел» командасының бас жаттықтырушысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат  «SPORTINFORM»-ге сілтеме жасап. 

«Қайраттың» 58-жастағы бұрынғы жаттықтырушысы соңғы уақытта өзі тұратын Қаскелеңдегі балалар футбол мектептерінің бірінде жұмыс істеп келген болатын.  16 шілдеде ол Воронежге барып, Ресейлік ФҰЛ «Факел» клубымен келісімшартқа отырады. 90-жылдардың ортасында ол дәл осы қалада және осы командада өзінің даңқты карьерасын аяқтаған болатын.  

Волгиннің кәсіби клуб деңгейіндегі соңғы жұмыс орны - «Ақжайық» клубы болатын. Ол онда 2014-2015 жылдары жұмыс істеді. Содан бері кәнігі маман шығармашылық демалыста болатын

Сергей Волгин өзінің жаттықтырушылық карьерасын сол Ресейде, «Сатурнның» жаттықтырушылық штабында бастаған еді. Сосын элистиндік «Ураланда» ресейлік Леонид Слуцкийдің ассистенті болды. сосын Отанына оралып, үш жыл бойы «Ертісте» жұмыс істеді.

Оның ең ұзақ жаттықтырған командасы «Қайрат» болды. Сергей Волгиннің кезінде аталмыш команда Қазақстан Премьер лигасына қайта оралған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар