Қазақстандық жастар тәуелсіздікті аманат деп қабылдауы керек - Максим Споткай

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан жастарының басты мақсаты - Елбасы алып берген Тәуелсіздікті сақтау, нығайту, дамыту болуы тиіс.

Бұл пікірді Қазақстан халқы ассамблеясы «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының төрағасы Максим Споткай білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елбасының бүгінгі мәлімдемесі - күтпеген бірақ тарихи шешім болды. Әр қазақстандық үшін Елбасы қай лауазымда болса да, мәңгі Елбасы болып қалады. Яғни, біз оны Ұлт көшбасшысы ретінде қабылдаймыз.

Жалпы, Елбасының ең басты жеңісі, жетістігі - сөзсіз Тәуелсіздігімізді оралту. Біздің жеңістердің бәрі Тәуелсіздігімізбен, Елбасының есімімен байланысты. Мысалы мен - Тәуелсіздік ұрпағымын. Тәуелсіз елде туып-өскен баламын. Сондықтан, менің жеке өмірімдегі жетістіктің бәрі Елбасымен байланысты. Елбасының саясатының арқасында жеттім деуге болады, - деді Максим Споткай ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаевты ел ішінде ғана емес, шет елдегі қандастарымыз да Елбасы деп қабылдайды.

Сонымен бірге, жас қазақстандықтар Елбасы алып берген тәуелсіздікті аманат деп қабылдауы керек.

«Яғни, қазіргі жастарымыздың ең басты мақсаты - Тәуелсіздігімізді сақтау, нығайту, дамыту болуы тиіс. Экономикалық, әлуеметтік жағдайымызды сақтау қажет. Бұл - жас қазақтандықтардың ең басты мақсаттарының бірі деп айтуға толық негіз бар. Айта кетерлік жайт, мен өзімді бақытты адам деп есептеймін. Себебі мен Елбасынан бата алған балалардың бірімін. Кезінде Президент алдында бірнеше рет сөз сөйледім. Мен оны тек ұлы тұлға, ұлы саясаткер ретінде ғана емес, адам ретінде де, адамгершілігі мен жеке қаситеттерін қатты құрметтеймін», - деп өз сөзін түйіндеді Максим Споткай.

Еске сала кетсек, бүгін Нұрсұлтан Назарбаев президенттік өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар