Қазақстандық жасөспірім теннисшілер әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысады

None
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан жасөспірімдер құрамасы теннистен 14 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 20 наурыз бен 1 сәуір аралығында Малайзияның Кучинг қаласында World Junior Tennis Competition 14&under Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу кезеңінің топтық бәсекесі өтеді.

Осы додада Қазақстан намысын мына теннисшілер қорғайды.

Ұлдар:

Михаил Мищенко (Алматы),

Ярослав Пшеничный (Астана),

Мансұр Сайынов (Ақтөбе).

Команда капитаны Сергей Квак.

Қыздар:

Ева Корышева (Ақтөбе),

Сабина Шухратова (Шымкент),

Еркежан Жаңатаева (Алматы).

Команда капитаны Мәдина Рахым.

Іріктеу кезеңінде 16 команда төрт топқа бөлініп, бақ сынайды. Әр топтан екі құрама плей-офф кезеңіне шығады. Сосын командалық әлем чемпионатының финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады. Биыл Азия – Тынық мұхит аймағынан ұлдар құрамасына 4, қыздарға 3 жолдама беріледі.

Өткен жылы 14 жасқа дейінгілер арасында қазақстандық жасөспірімдер алғаш рет командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне қатысып, қола жүлде үшін бәсекеде АҚШ құрамасына жол берді. Сөйтіп үздік төрттікке ілікті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Индиан-Уэллс мастерс турнирінің үшінші айналымына шыққаын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар