Қазақстандық жас жанкүйер Криштиану Роналдумен кездесу үшін алаңға шығып кетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстандық жас жанкүйер Криштиану Роналдумен көрісу үшін матч кезінде алаңға жүгіріп шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл сурет әлеуметтік желілерді шарлап кетті.
21 шілдеде Сингапурда өткен «Ювентус» пен «Тоттенхэм» арасындағы халықаралық чемпиондар кубогының матчында қазақстандық спорт жанкүйері қосалқы құрам ойыншылары отыратын орыннан Роналдуды көріп қалған.
Ол сүйікті спортшысының қолын алу үшін алаңға жүгіріп шыққан.
Ювентус бапкері бұл туралы былай деп жазды.
«Алаңда жүгіріп келе жатқан жас жігітті көрдім. Оны алып кетеді-ау деп қорықтым. Ол Роналдумен суретке түскісі келген. Сол үшін мен оны осында ертіп келдім. Мен үшін бұл қуаныш», - деді Ювентус бапкері.
Айта кету керек, бұл кездесуде Роналду 60-минутта гол салды. Сосын оны бапкері Матеус Перейрумен ауыстырды.
«Алтын доптың» 5 дүркін иегері жүгіріп келген жігітті қуана қарсы алып, суретке түсіп, ойын біткенше сол жерден тамашалуға шақырды.
Кейбір БАҚ-тардың хабарлауынша, баланың аты Ахмади Ержанов. Ол әкесімен Ақтаудан келген.
Айта кету керек, «Ювентус» - «Тоттенхэм» кездесуі 21 шілдеде Сингапурда өткен болатын. Бұл кездесуде ағылшындар 3;2 есебімен жеңіске жетті.
- Футзалдан Чемпиондар лигасы: «Ақтөбе» грек командасын жеңді
- Ақмола облысында сотталушының асқазанынан ұялы телефон табылды
- Батыс Қазақстанда қар құрсауында қалған тұрғындар құтқарылды
- Футзалдан Чемпиондар лигасы: «Қайрат» жарыстың келесі сатысына шықты
-
Елордада 14 жастағы жасөспірім жоғалды
-
Футбол: «Тобыл» ойыншысы Франция чемпионатына ауысты
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам