+7 (701) 759 90 19
USD 386.19 EUR 427.71
RUB 6.07 CNY 54.87
Jańalyqtar

Қазақстандық жас жанкүйер Криштиану Роналдумен кездесу үшін алаңға шығып кетті

2019 жылғы 22 шілде 15:27
Бөлісіңіз:
Қазақстандық жас жанкүйер Криштиану Роналдумен кездесу үшін алаңға шығып кетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстандық жас жанкүйер Криштиану Роналдумен көрісу үшін матч кезінде алаңға жүгіріп шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Реал Мадрид» экология мәселесіне жұрт назарын аудартудың жаңа тәсілін тапты Футбол: Ұлттар лигасында Қазақстан қай себетте орналасады Футбол: «Астана» халықаралық турнирге қатысады

Бұл сурет әлеуметтік желілерді шарлап кетті.

21 шілдеде Сингапурда өткен «Ювентус» пен «Тоттенхэм» арасындағы халықаралық чемпиондар кубогының матчында қазақстандық спорт жанкүйері қосалқы құрам ойыншылары отыратын орыннан Роналдуды көріп қалған.

Ол сүйікті спортшысының қолын алу үшін алаңға жүгіріп шыққан.

Ювентус бапкері бұл туралы былай деп жазды.

«Алаңда жүгіріп келе жатқан жас жігітті көрдім. Оны алып кетеді-ау деп қорықтым. Ол Роналдумен суретке түскісі келген. Сол үшін мен оны осында ертіп келдім. Мен үшін бұл қуаныш», - деді Ювентус бапкері.

Айта кету керек, бұл кездесуде Роналду 60-минутта гол салды. Сосын оны бапкері Матеус Перейрумен ауыстырды.

«Алтын доптың» 5 дүркін иегері жүгіріп келген жігітті қуана қарсы алып, суретке түсіп, ойын біткенше сол жерден тамашалуға шақырды.

Кейбір БАҚ-тардың хабарлауынша, баланың аты Ахмади Ержанов. Ол әкесімен Ақтаудан келген.

Айта кету керек, «Ювентус» - «Тоттенхэм» кездесуі 21 шілдеде Сингапурда өткен болатын. Бұл кездесуде ағылшындар 3;2 есебімен жеңіске жетті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Оқиға,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT