Қазақстандық жас теннисшілер Үндістандағы жарыстың жеңімпазы атанды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Үндістанның Калькутта қаласында жастар арасында екінші санаттағы ITF Juniors J200 турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, қазақстандықтар Ерасыл Ерділдә мен Виталий Зацепин жұптық сында үздік шықты.

Қазақстандық дуэт финалда жапониялық Сатора Накаджима – филиппиндік Джоа Рей Поскуаны 6:2, 7:5 есебімен ұтты.

Қыздар арасында Асылжан Арыстанбекова жекелей сында ширек финалға дейін жетті. Ал Айя Нұпбаймен бірге жұптық сында жартылай финалда қарсыластарына есе жіберді.

Литвада 14 жасқа дейінгілер арасында үшінші санаттағы Tennis Europe жарысында Ярослав Пшеничный жұптық сында финалист атанды. Ол латвиялық Томас Далдериспен бірге соңғы бәсекеде ғана эстониялықтар Кен Инка – Лукас Раудкивиге жол берді – 2:6, 4:6.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия чемпионатында Елена Рыбакинаның әлемнің 1-ракеткасын ұтып, ширек финалға шыққанын жазған едік.

Сондай-ақ Елена Рыбакинаның келесі қарсыласы анықталды.

Анна Данилина жарыс жолынан шығып қалды.

Елена Рыбакина жұптық сында ширек финалға шыға алмады.


Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Соңғы жаңалықтар