Қазақстандық жас теннисшілер Уимблдон жасөспірімдер турнирінде ойнайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық жас теннисшілер Аружан Сағындықова мен Сандуғаш Кенжебаева Уимблдон жасөспірімдер турнирінде ойнайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Team Kazakhstan академиясының түлектері биылғы үшінші «Үлкен дулыға» жарысы - Ұлыбритания ашық чемпионатында бақ сынамақшы.

Аружан мен Сандуғаш жекелей сында 2-10 шілде аралығында өтетін іріктеу сайысында өнер көрсетеді. Жарыс жеребесі 30 маусымда тартылмақшы.

Осылайша, А.Сағындықова мен С.Кенжебаева Уимблдон кортында алғаш рет ойнамақшы.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Сербиядағы жарыстың жеңімпазы атанғанын , қазақстандықтардың Уимблдон турниріндегі қарсыластары белгілі болғанын жазған едік.

Сондай-ақ қазақстандық жас теннисшілер Алматыда өткен халықаралық турнирде чемпион атанды.

Уимблдонда бүгін қазақстандықтар арасынан алғашқы болып еліміздің бірінші ракеткасы Александр Бублик кортқа шығады. Оның қарсыласы - мажарстандық Мартон Фучович.


Соңғы жаңалықтар