Қазақстандық жас теннисшілер Астанада өткен турнирдің чемпионы атанды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада «Дәулет» теннис орталығында 18 жасқа дейінгілер арасында бесінші санаттағы ITF Juniors турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қыздар арасында қазақстандық Ульяна Романова жекелей сында үздік шықты.

У.Романова финалда ресейлік Ксения Крупенинаны 6:3, 4:6, 6:2 есебімен тізе бүктірді.

Жұптық сында Әдемі Аманкелді мен Сати Әубәкірова ресейліктер Кристина Белкова – К.Крупенинадан айласын асырып, чемпион атанды – 6:2, 6:3.

Ұлдардан Ілияс Маратұлы абсолютті жеңімпаз болды. Ол жекелей сында командаласы Кирилл Колгановтан басым түсті – 6:4, 6:3. Ал жұптық сында тағы бір қазақстандық Илья Ведмедьпен бірге соңғы бәсекеде отандастары К.Колганов – Виталий Зацепинді жеңді – 1:6, 6:1, 10:2.

Мысырдың Шарм-эль-Шейх қаласында аяқталған ITF World Tennis Tour W15 жарысында Аружан Сағындықова мен Жанель Рүстемова жұптық сында финалға дейін жетті. Олар шешуші бәсекеде доданың бірінші ракеткалары, қытайлық Тайбэй өкілдері Сунь Чо – Цен Чоға ғана есе жіберді – 1:6, 0:6.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілердің Мысырдағы турнирдің финалына өткенін жазған болатынбыз.


Фото: ktf.kz


Соңғы жаңалықтар