Қазақстандық жас теннисшілер Алматыда өткен халықаралық турнирде чемпион атанды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматыдағы ЦСКА теннис орталығында 18 жасқа дейінгілер арасында үшінші санаттағы ITF турнирі мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, күн жаңбырлы болғандықтан, қазақстандық теннисшілер арасында өткен жұптық сындағы финал хард төселген жабық залға ауыстырылды.

Онда Асылжан Арыстанбекова мен Айя Нұпбай отандастары Еркежан Арыстанбекова - Дана Байдәулетті 6:3, 6:2 есебімен ұтты.

Осылайша, А.Арыстанбекова А.Нұпбаймен бірге ITF Juniors жарыстарындағы бесінші титулына қол жеткізді.

Жекелей сында Дана Байдәулет соңғы бәсекеде ресейлік Валерия Гынинаға есе жіберді - 4:6, 1:6.

Бозбалалар арасында аустриялық Поль Уоррен тартысты финалда ресейлік Григорий Щебекинді тізе бүктірді - 7:6 (7:2), 3:6, 6:3.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Сербиядағы жарыстың жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ қазақстандық теннисшілердің Уимблдон турниріндегі қарсыластары белгілі болды .


Соңғы жаңалықтар