Қазақстандық жас теннисшілер әлемдік рейтингіде жоғары көтерілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін ITF 18 жасқа дейінгілер арасында жаңартылған әлемдік рейтингіні жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, сондай-ақ Tennis Europe қауымдастығы 14 жасқа дейінгілер арасында үздіктерді анықтады.

Жасөспірімдер арасында Максим Батютенко 83-тен 78-орынға көтерілді. Ислам Орынбасар 198-інші, Даниил Фелькер 236-ыншы, Даниал Рахматуллаев 239-ыншы, Әмір Омарханов 424-сатыда келеді.

Қыздар арасында үздік жүздікке енген Аружан Сағындықова 82-орынға жайғасты. Сандуғаш Кенжебаева 119-ыншы, Дана Бәйдәулет 160-ыншы, Жанель Рүстемова 165-інші, Еркежан Арыстанбекова 209-ыншы, Айя Нұпбай 315-інші, Асылжан Арыстанбекова 417-інші, Іңкәр Дүйсебай 434-орында тұр.

Tennis Europe қауымдастығының 14 жасқа дейінгі ойыншылар рейтингісінде Заңғар Нұрланұлы төртінші, ал чемпиондық кестеде бесінші сатыда келеді. Сондай-ақ Дамир Жалғасбай (43-ракетка) мен Даниэль Тазабековтің (55-ракетка) рейтингісі де жоғары. Қыздар арасында Софья Исакова (110), Ева Корышева (223), Ариана Гогулина (313) және Сәтима Төрегенге (377) өз көрсеткіштерін жақсарту үшін аянбай тер төгуге тура келеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Лондон турнирінің екінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар