Қазақстандық жас теннисшілер Албаниядағы турнирдің чемпионы атанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар Іңкәр Дүйсебаева мен Дильназ Машабаева Албания астанасы Тиранада 18 жасқа дейінгілер арасында өткен ITF жарысының чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, қазақстандық жас спортшылар албаниялық Греси Бахри - македониялық Ива Даневамен шеберлік байқасты.

Іңкәр мен Дильназ 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстандық теннисшілер жекелей сында жартылай финалға дейін жетті.

Бұл - І.Дүйсебаева мен Д.Машабаеваның спорттық жолдарындағы екінші титулы. Бір жыл бұрын да осы Тирана қаласында үздік шыққан еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Франциядағы жарыстың финалына шыға алмағанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар