Қазақстандық жас теннисші Ролан Гаррос турнирін сәтті бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Аружан Сағындықова жастар арасында Ролан Гаррос турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аружан іріктеу сайыстарының жартылай финалында франциялық Офалья Буллаймен кездесті.

Екі сағатқа созылған тартысты матчта қазақстандық теннисші 6:4, 5:7, 10:6 есебімен жеңіске жетті.

А.Сағындықова іріктеу сайыстарының финалында жапониялық Хая Киноситамен шеберлік байқасады. Іріктеу сайыстарының 6-ракеткасын жеңсе, негізгі жарысқа жолдама алады.

Тағы бір жас қазақстандық Максим Батютенко жергілікті ойыншы Томас Фурельге жол берді – 6:4, 4:6, 7:10.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.

Қазақстанның әйелдер арасындағы екінші, әлемнің 37-ракеткасы Юлия Путинцева үшінші айналымға өте алмады. Ол әлемнің 30-ракеткасы, италиялық Камила Джорджиден ұтылып қалды – 3:6, 5:7.

Ю.Путинцева жұптық сында да жарыс жолынан шығып қалды. Ол америкалық Даниэль Коллизбен бірге румыниялық Моника Никулеску – бельгиялық Элисон Ван Эйтванктан жеңілді – 6:3, 3:6, 1:6.


Соңғы жаңалықтар