Қазақстандық жас теннисші Португалиядағы турнирдің жартылай финалына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Тимофей Скатов Португалиядағы Оэйраш челленджер турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 441-орында тұрған 20 жастағы Т.Скатов ширек финалда әлемнің 363-ракеткасы, испаниялық Николас Санче-Искердомен күш сынасты.

Бірінші партияда қазақстандық теннисші тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (7:4).

Екіншісінде қарсыласы есе қайырды – 7:5.

Үшінші, шешуші сетте Т.Скатов испаниялық спортшыға еш амал қалдырмады – 6:1.

Тартысты бәсеке 2 сағат 47 минутқа созылды.

Т.Скатов финалға шығу үшін әлемнің 313-ракеткасы, даниялық Хольгер Рунемен таласады.

Тағы бір қазақстандық Александр Недовесов чехиялық Роман Жебавымен бірге жұптық сында Италияда өтіп жатқан Парма ATP 250 жарысының финалына шыға алмады. Олар жартылай финалда италиялық Симоне Болелли – аргентиналық Максимо Гонсаледен 1:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілердің Ролан Гаррос турниріндегі қарсыластары белгілі болғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар