Қазақстандық жас теннисші Еуропа рейтингінде 100 күн бойы көш бастап келеді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Tennis Europe (TE) ұйымы биыл күзде Монте-Карлода өтетін Junior Masters турниріне орай жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, 13 жасар Заңғар Нұрланұлы 100 күн бойы көш бастап келеді.

Қазіргі кезде Қазақстанның жас жұлдызының еншісінде 520 ұпай бар.

Сондай-ақ Қазақстаннан Дамир Жалғасбай (43-орын) мен Даниэль Тазабеков (62-орын) үздік жүз теннисшінің қатарына кірді.

Жуырда З.Нұрланұлы Д.Жалғасбай және Д.Тазабековпен бірге Үндістанның Нью-Дели қаласына келді. Онда Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 25 сәуірден бастап 14 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионатының Азия/Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турниріне қатысады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан жасөспірімдер құрамасының ӘЧ іріктеу турнирінің ширек финалына шыққанын, Елена Рыбакинаның Штутгарт турнирін сәтті бастағанын жазған болатынбыз.





Соңғы жаңалықтар