Қазақстандық жас шахматшылар Гонконг командасын жеңді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның жас шахматшыларынан құралған Astana командасы онлайн матчта Гонконг командасын 14,5:3,5 ұпаймен жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның шахмат федерациясына сілтеме жасап.

Әлемдегі 4 қала арасында өткен халықаралық онлайн турнирінің бірінші матчында еліміздің жас шахматшылары жеңіске жетті. Екінші турда Astana командасы Пенанг штатының (Малайзия) командасымен ойнайды. Матч 1 тамызда елорда уақытымен сағат 17:00-ден 19:00-ге дейін өткізіледі. Жарысқа қосылу ойын басталарға жарты сағат уақыт қалғанда басталады.

Нұр-Сұлтан, Гонконг, Сингапур, Пенанганың (Малайзия) юниор командалары арасындағы шахматтан халықаралық достық онлайн матч-турнир 25 шілдеде басталды.

Жарыс Гонконгтегі Қазақстан Республикасының консулдығы бастамасымен өткізіліп жатыр. Қазақстан, Гонконг, Сингапур, Малайзияның ұлттық шахмат федерациялары жарысты ұйымдастыруға атсалысып, қолдау көрсетті.

Ол ФИДЕ-нің «Gens una sumus! — Біз бір отбасымыз!» ұранымен өтіп жатыр. Турнирде үш жас санатындағы 72 жас шахматшы бақ сынауда: 8, 10, 12 жастағылар.

Ел намысын 18 шахматшы қорғайды. Олар өз жас дәрежесінде Қазақстан біріншілігінің чемпиондары мен жүлдегерлері.

Astana командасының құрамы:

Аят Абдуллаев,

Иманғали Ақылбай,

Даниял Сәпенов,

Алдияр Аңсат,

Әлихан Хажатұлы,

Сауат Нұрғалиев,

Назар Талғатов,

Эдгар Мамедов,

Әлидар Арын,

Данис Қуандықұлы,

Нұрсұлтан Намазкеев,

Әлишер Әбсаттар,

Айжарық Қализа,

Зарина Нұрғалиева,

Мәлика Жапарбекова,

Елназ Қалиахмет,

Далия Диасқызы,

Ханзада Аманжол.



Соңғы жаңалықтар