Қазақстандық жас шахматшылар Азия чемпионатында 18 медаль жеңіп алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шри-Ланкада өткен 18 жасқа дейінгі Азия чемпионатында қазақстандық шахматшылар 9 алтын, 3 күміс және 6 қола медальді қанжығаға байлады. Турнирге әлемнің 23 елінен 572 спортшы қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР шахмат федерациясына сілтеме жасап.

Тоғыз турдан соң классикалық шахматта бірінші орын алматылық Димаш Тулендиновке бұйырды, күміс медальді Қызылордадан Назерке Нұрғали жеңіп алды, ал атыраулық Зарина Нұрғалиева, Шымкенттен Зейнеп Сұлтанбек және де оңтүстік астананың өкілдері Алуа Нұрманова мен Ксения Балабаева чемпионаттың қола жүлдегері атанды.

«Жастар керемет ойын көрсетті.Биыл медальдар саны өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп екенін айта кеткен жөн», - дейді балалар мен жасөспірімдер құрамасының жаттықтырушысы Ануар Исмағамбетов.

Сондай-ақ, рапид пен блиц турнирлерінің нәтижесі бойынша қазақстандықтар 8 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды. Классика турниріндегі барлық жеңімпаздар өз дәрежелерін ФИДЕ шеберіне үміткерге дейін көтерді.

«Балалардың Шри-Ланкадағы нәтижелері жастар арасындағы шахматтың көтеріліп келе жатқанын көрсетті. Юниорлар арасындағы жасы үлкендері көп ұзамай республиканың атынан ересектер арасындағы турнирлерге қатысады», - дейді Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Ирина Грищенко.

Чемпионатта жас спортшылар шахматтың классика, рапид және блиц партияларында жарысты. Турнирде жас жігіттер мен қыздар алты жас санаты бойынша бақ сынады: 8, 10, 12, 14, 16 және 18 жасқа дейін.

Соңғы жаңалықтар