USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Қазақстандық жас режиссердің «Мариям» фильмі Каннда көрермендер көзайымы сыйлығын жеңіп алды

2021 жылғы 9 желтоқсан 03:34
Бөлісіңіз:
Қазақстандық жас режиссердің «Мариям» фильмі Каннда көрермендер көзайымы сыйлығын жеңіп алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат Канн қаласында өтіп жатқан CANNES SHORTS қысқаметражды фильмдер фестивалінде қазақстандық «Мариям» фильмі арнайы сыйлыққа (Көрермендер көзайымы) ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат фильмнің режиссері Маржан Бекмағанбетоваға сілтеме жасап.

«Мәриям» фильмі Маржан Бекмағанбетованың режиссерлік дебюті. «Мен фестивальдерге күзден бастап қатыса бастадым. Ал бүгін «Мәриям» фильмі «Көрермендер көзайымы сыйлығын» алғаны туралы хат алдым. Канн фестивалі – әлемге әйгілі суретшілер мен режиссерлердің жас таланттарды таныту үшін жасаған бірегей кинофестиваль», - дейді Маржан Бекмағанбетова. «Мариям» фильмі The Lift Off Sessions фестивалінің басты байқауында жеңіске жетті. Олар 2019 жылдың қысында Ақмола облысындағы Жалтыр станциясында қысқаметражды фильм түсірген. «Менің әжем мен атамды ешқандай тәжірибе жоқ актерлер – нағашы әжем Жаңалған Күзенова мен атам Тарих Күзенов сомдайды», - деп бөлісті фильм авторы.

Басты кейіпкер Мариям рөлінде сол кезде ҚазҰӨУ студенті болған жас актриса Айғаным Өтегенова ойнады. Батыр қыз Зерені сомдаған – Әзел Қанатбек. Фильмге түрмеден туған ауылына оралған жас қыз Мариямның өмірі арқау болған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT