Қазақстандық жас өрен дүниежүзілік байқауда топ жарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жас қазақстандық Скеа Давина Prince and Princess International 2017 Сұлулар мен дарындылар дүниежүзілік фестивалінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ұйымдастырушыларға сілтеме жасап.

Таиландта өткен халықаралық байқаудың нәтижелері Prince and Princess International 2017-ның Фейсбуктегі ресми парақшасында жарияланды.

Скеа Давина - «Оралдың бірінші ханшайымы-2016» титулының иегері. Сондай-ақ ол Грузияда өткен  Prince & Princess халықарлық байқауында Best princess of the World Best Sharm 2017, Best princess of the Asia Winner, Best Charity of the World 2017, «Үздік қайырымдылық ролик» сияқты бірнеше аталымдар бойынша жеңімпаз болды.

Grand Prix Princess international 2017 #princeandprincessinternational2017 #princeandprincesskazakhstan2017 #kids #model #fashion #superstar

Публикация от Assel Skea (@vasselinka) Июл 30 2017 в 9:53 PDT

Видео YouTube-ке орналастырылған. Бейне жазбада кішкентай қазақстандық өзінің Отаны, туған қаласы Орал туралы мақтанышпен айтады.

«Біз қазақстандықтар, тату біртұтас халықпыз. Біздің тағдырымыз Мәңгілік ел ұғымымен ұштасады. Қазақстанда адамдар еркін, бір-бірімен тату өмір сүреді. Мен Отанымды сүйемін. Отанды сүю дегеніміз өз еліңе қамқор болу, өткені мен бүгінін құрметтеу деген сөз», -  дейді Скеа.

Соңғы жаңалықтар