Қазақстандық жас өнертапқыш шөл далада ағаш егудің тиімді жобасын ойлап тапты

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада мектеп оқушысы адамның көмегінсіз алты минутта ағаш егетін жаңа жобаны жасап шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жобаның авторы Бәйдібек Мұсаев Қызылорда қаласындағы Назарбаев мектебінде білім алады. Ол аймақтың экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында экологиялық жобаны жүзеге асыруды қолға алып отыр. Мектепте оқу озаты атанған жас өнертапқыш біраз уақыттан бері ағаш егудің тиімді жолын қарастырып жүрген болатын. Осылайша өңірде жас желек санын молайтуға болатынына көз жеткізді. Бұл мақсатта Eco-plant жобасын қолға алды.

Аталған машина күн сәулесінен қуат алады. Сондықтан оған көп шығын қажет емес. Бұл қаржыны үнемдеуге жол ашады. Оған қоса аталған техника арқылы шөлді және далалы аймақтарда да тал егуге әбден болады.

«Екі қанаттан тұратын құрылғыда екі үлкен цилиндр орналасқан. Оның үлкенінде көшеттер мен ағаш отырғызуға арналған сұйықтықтар бар. Сондай-ақ, мұнда бұрғылау қондырғысы және топырақ пен тыңайтқыш қоймасы орналастырылған. Құрылғы негізінен Tesla Semi жүк көлігімен бірге жұмыс істейді. Соған байланысты пайдаланушыға көптеген мүмкіндік қарастырылған. Атап айтқанда, бұрғылау қондырғысы ағашты отырғызу алдында топырақты қопсытып дайындай алады. Ал тыңайтқышы бар сұйықтық багы бір уақытта топырақ құнарын жақсартуды жеңілдетеді. Топырақтағы оттегі концентрациясы, ылғалдылығы мен көмірқышқыл газын анықтайтын датчиктер тыңайтқыштар мен су мөлшерін дұрыс таңдауға көмектеседі», - дейді ол.

Айта кетейік, оның бұл ағаштың жылдам өсуін қамтамасыз етуіне өз әсері бар. Күн батареяларының көмегімен құрылғы электр жүк көлігінің энергиясын үнемдейді. Автоматты машина топырақты қопсытып, ағашты түсіру үшін және шұңқырды топырақпен толтырып, құрылғыны қайта зарядтауға небәрі алты минут жұмсайды.

Жас өнертапқыш Еco-plant жүк көлігінің бірқатар артықшылығына тоқталды. Бұл техника орманды қалпына келтіру машиналарын шығаратын Bracke Forest құрылғысына қарағанда тиімді. Ағашты дұрыс әрі тез отырғызады.

Сондай- ақ, қызылордалық жас өнертапқыштар «ақылды» жылыжай құрастырды.


Соңғы жаңалықтар