Қазақстандық жас футболшы Беларусь клубы сапында алғашқы голын соқты

None
None
МИНСК. ҚазАқпарат - Қазақстандық футболшы Альдаир Әділов Беларусь клубы сапында алғашқы голын соқты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Спорт журналисі Айдын Қожахметов Instagram парақшасында хабарлағандай, «Астана» клубында тәлім алған спортшы жаңа командадағы алғашқы қадамын жасаған.

«Қазақстандық жартылай қорғаушы Альдаир Әділов Беларусь чемпионатындағы резерв командалардың ойынында қарсыласының қақпасына гол салды. Оның «Энергетик-БГУ-2» командасы «Белшина» футбол клубын 1:3 есебімен жеңді. Альдаир ойынның 53-минутында алаңға шығып, матчтың негізгі уақытының аяқталуына 6 минут қалғанда гол соқты» деп жазады ақпарат көзі.

Айта кетейік, «Қайраттың» тәрбиеленушісі Савелий Глузунов та «Белшина-2» құрамында 20 минутқа жуық өнер көрсетті. Бірақ ол ерекше ойынымен көзге түсе алған жоқ.


Соңғы жаңалықтар