Қазақстандық жас боксшылар Азия чемпионатында 10 медаль жеңіп алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кувейтте 2005-2006 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионатында қазақстандық былғары қолғап шебері 10 (2 алтын, 1 күміс, 7 қола) медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осыған дейін аталған чемпионатта ел намысын қорғап жатқан боксшылар арасынан үш боксшымыз 61 келіде Виктор Литвинов, 67 келідегі Батырхан Сейтенов және 70 келідегі Ердос Шәріпбек финалға шыққанын жазған болатынбыз.

Финалда 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Батырхан Сейтенов пен 70 келіде Ердос Шәріпбек Азия чемпионы атанса, Виктор Литвинов (61 келі) қарсыласына жол беріп, күміс медалді қанағат тұтты.

Ал қола медальдарды Дамир Байпақов (37 келі), Әмір Сейілхан (40 келі), Бақтияр Анарбаев (43 келі), Дархан Нұржігіт, Сұлтан Молдаш (49 келі), Жасұлан Абдолда (55 келі) және Жандос Ерсұлтанов (64 келі) жеңіп алды.

Соңғы жаңалықтар