Қазақстандық және шетелдік сарапшылар сыртқы саясаттың қалыптасуы мен дамуындағы Елбасының рөлін талқылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық және шетелдік сарапшылар ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сыртқы саясаттың қалыптасуы мен дамуындағы рөлін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Онлайн конференцияны Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты ұйымдастырды.

«Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі атап өткендей, еліміздің егемендікке бейбіт уақытта емес, мүлде жаңа геосаяси тәртіп құрылған кезеңде қол жеткізуі – сыртқы саясат бағытын қалыптастырудағы басты қиындық болды. Сол уақытта мемлекет мүдделеріне тікелей немесе жанама әсер ететін халықаралық процестерге қатысты мемлекетіміздің ұстанымын айқындауға тура келді. Ондағы басты сын-қатердің бірі ядролық қару еді, бұл – біздің елімізде орналасқан төртінші ядролық арсенал болды. Семей ядролық полигонының жабылуы, содан кейін ядролық қаруы бар мемлекет мәртебесінен бас тарту - Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан тәуелсіздік алғанша қабылдаған батыл шешімі еді. Ядролық қарусыз мемлекет мәртебесі белгілі бір дәрежеде әлемдік қауымдастыққа енудегі біздің елдің басты ерекшелігі болды», - деді Әлемдік экономика және саясат институтының директоры Қайрат Әбусейітов.

Оның айтуынша, ТұңғышПрезиденттің бұл шешімімен көп нәрсе байланысты болды.

«Дәл осы шешіммен біздің Президент өз елін дүниежүзілік қауымдастықтықтың беделді және сенімді мүшелері дәрежесіне көтеру үшін сапарға аттанды. Әрине, ең басты міндет – Қазақстанның негізгі ұлттық мүдделерін көрсететін жаңа сыртқы саясатты айқындау еді. Дәл осы ұстаным Тұңғыш Президентіміздің осы саладағы басты рөлін атап көрсетті. Қазақстан барлық мемлекеттермен тең құқықты, конструктивті және өзара тиімді диалог құруға әрқашан дайын. Нұрсұлтан Назарбаевтың сыртқы саяси доктринасының тұжырымдамалық негізі әлі де өзекті. Сонымен қатар, бізге көршілермен шекараны анықтау өте маңызды болды. Бұл жұмыс та жасалды», - деді орталық басшысы.

Сонымен бірге, спикер «Қазақстанның сыртқы саясаты үшін ең маңызды басымдық не болуы тиіс?» деген сұраққа жауап берді.

«Қазақстанның сыртқы саясатында қалыптасқан және қолданыстағы дәстүрлер күнделікті тәжірибеге байланысты жетілдіріліп, тереңдетіліп, толықтырылып отыруы тиіс. Ол неғұрлым қарқынды, тәжірибеге бағдарланған болуы керек. Қазір әлем өзгеріп жатыр және оған қисынды жауап беру үшін жаңа өзгерістер енгізілуде. Бірақ сыртқы саясаттың негізі қаланған. Менің ойымша, басымдықтар сыртқы саясат мемлекеттің өмірлік белсенділігін, ұлттық мүдделерін қамтамасыз ететіндей етіп құрылуы керек», - деді Қ. Әбусейітов.

Соңғы жаңалықтар