Қазақстандық жаңа қоғамда журналистер демократияның қозғаушы күшіне айналды - Қ. Мәми

None
None
АСТАНА. 27 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстандық жаңа қоғамда журналистер демократияның қозғаушы күшіне айналды.

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысынан соң болған брифингте журналистер қауымын құттықтаған Сенат Төрағасы Қайрат Мәми осылай мәлімдеді.

«Сессия барысында Парламенттің заң шығару үдерісін жария еткен журналистердің көтерген жүгі зор. Мүмкіндікті пайдалана отырып, келе жатқан кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын. Журналистер мерекесі Парламенттің жыл сайынғы сессиясының аяқталуымен сәйкес келіп жатады. Мұндай сәйкестік сіздермен көтеріңкі көңіл-күймен кездесуіме, сіздерді кәсіби мерекемен құттықтауға мүмкіндік береді», - деді Қ. Мәми.

«Жалпы біз дамудың демократиялық көздерін басшылыққа алған елміз. Елімізде соған лайық қоғамдық пікірді емін-еркін жеткізетін бұқаралық ақпарат құралдары қалыптасқан деп ойлаймын. Қазақстандық жаңа қоғамда журналистер демократияның қозғаушы күшіне айналды. Оған кәміл сенемін», - деді спикер.

Сөз соңында Сенат Төрағасы Парламент тынысын, мемлекеттің саяси-экономикалық өмірін, ел дәулетін шынайы көрсетуге арналған журналистер қызметіне жеміс тіледі. «Сенат қашанда журналист қауымы үшін ашық», - деп аяқтады ол өз сөзін.

Соңғы жаңалықтар