+7 (701) 759 90 19
USD 427.22 EUR 519.71
RUB 5.78 CNY 66.52
Jańalyqtar

Қазақстандық зауыт жылына 60 млн доза вакцина шығара алады – Алексей Цой

2021 жылғы 5 мамыр 12:07
Бөлісіңіз:
Қазақстандық зауыт жылына 60 млн доза вакцина шығара алады – Алексей Цой

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жамбыл облысындағы қазақстандық вакцина шығаратын зауыт жылына 60 млн доза QazVac бере алады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавируспен күреске қанша қаражат жұмсалды Теңіз кенішінде 10 мыңнан астам адам вакцина салдырды Нұр-Сұлтанда тағы бір сауда орталығында вакцинация пункті ашылды

Мәжілістің жалпы отырысында палата төрағасы Нұрлан Нығматулин Денсаулық сақтау министрінен отандық QazVac вакцинасы қашан және қандай көлемде қолжетімді болатынын сұрады.

«Сұрау берілген жеткізілімдерге сәйкес, біз Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ алаңында қазақстандық вакцинаның ай сайын 50 мың дозасын аламыз және 100 мыңға дейін өсіреміз. Алдағы уақытта Жамбыл облысындағы алаң іске қосылғанда, зауыт жылына 60 млн дозаны қамтамасыз ете алады. Шамамен жылдың соңында, өйткені GMP инспекциясын жүргізу үшін өндірісті толыққанды іске қосып, тәжірибелік партияны шығару қажет. Осыдан кейін біз өндірісті бағалап, вакцина шығаруды іске қоса аламыз», - деді Алексей Цой.

Бұған дейін Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин қазақстандық вакцина шығару бойынша Жамбыл облысында салынып жатқан зауытқа кімнің жауапты екенін сынаған еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT