Қазақстандық волейболшылар Олимпиадаға іріктеу турниріне қатысады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық волейбол федерациясы Пәкістан құрамасының 2020 жылы Қытайда өтетін Олимпиадаға іріктеу турниріне қатысуына шектеу қойды, деп хабарлайды Olympiс.kz.

Олимпиада жолдамасына құрлықтағы сегіз команда таласады. Олардың қатарына құрлық додасында 9-шы орын алған Катар, Олимпиаданы қабылдаушы ел ретінде Жапония автоматты түрде енген.

Сондай-ақ, Қазақстан волейбол федерациясы құрлықтық Олимпиадаға іріктеу турниріне қатысу үшін FIVB мен волейбол конфедерациясынан шақырту алды.

Олимпидаға іріктеу турниріне Иран, Австралия, Оңтүстік Корея, Қытайлық Тайпей, Қытай, Үндістан, Катар және Қазақстан қатысады.

Қазақстан волейбол федерациясы олимпиадаға іріктеу турниріне қатысатынын растады.



Соңғы жаңалықтар