Қазақстандық Виктория Станевич Кореяда өтіп жатқан визажистер сайысында жеңімпаз атанды (ФОТО, ВИДЕО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Кореяның Сеул қаласында өтіп жатқан «OMC WORLD CUP KOREA 2016» визажистер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық қатысушы Виктория Станевич 3 аталым, «Той макияжы», «Боди-арт», «Подиум макияжы» бойынша үш алтын алды.

Айта кету керек, аталған сұлулық олимпиадасына әлемнің 50 елінен 1000 адам қатысуда.
«Бүгін екінші күн. Виктория үш номинация бойынша қатысып жатыр. Кеше «Той макияжы» аталымында жұбайым алтын алды. Бүгін «Боди-арт» аталымы бойынша қатысты. Оған 10-12 сағат уақыты кетті. «Подиум макияжы» бойынша да, «Боди-арт» бойынша да Виктория алтын алды. Бұл чемпионат тырнақ жасау, бет әрлеу, шаш үлгісі шеберлігін шыңдайтын маңызды конкурс. Конкурс тарихында бір адамның үш номинация бойынша алтын алуы бірінші рет болып отыр», - деді В.Станевичтің күйеуі.
Айта кету керек, жюри құрамында тағы бір қазақстандық шебер Елена Ушакова қазылық етіп жатыр.
В.Станевич бұған дейін Парижде өткен Еуропа чемпионатында 2 алтын, бір күміс еншілеп, команданы көшбасшыға айналдырған болатын.
Нәтижесінде, Қазақстанның республикалық «Визажистер және боди арт» қауымдастығы командалық есепте кубокты жеңіп алған болатын.
null null null null null null null

Соңғы жаңалықтар