+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Қазақстандық вестерн жанрлы фильм Варшава кинофестиваліне жол тартты

2018 жылғы 1 қазан 12:24
Бөлісіңіз:
Қазақстандық вестерн жанрлы фильм Варшава кинофестиваліне жол тартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық режиссер Төлеген Байтөкеновтің түсірген вестерн жанрындағы «Саташ» фильмі биыл қазанның 12-21 аралығында өтетін 34-ші Варшава кинофестивалінің «1-2 Competition» атты конкурстық бағдарламасына қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жарыққа шығарған. Бұл байқауда әлемнің түкпір-түкпірінен келген режиссердің алғашқы немесе екінші рет түсірген толықметражды көркем фильмдері көрсетіледі. Саташ» фильмі туған ауылына басып кірген қылмыскерлермен жалғыз күреске түскен учаскелік полицей туралы баяндайды.

Фильмнің басты кейіпкері Саташ есімді ауылдың учаскелік полицейі ауыл тұрғындарына күш жұмсаған қылмыскерлерге төтеп беріп, өзінің борышын соңына дейін өтейді.«Біздің түсірілім тобы түсірген фильмді осындай белді кинофестиваль таңдап алғанына қуанып отырмын. Картина көрермендерге арналған жанрлық фильм болып шыққан, десе де фестивальдерге қатысуға лайықты болып шыққаны маңызды. «Саташ» фильмі - менің алғашқы толықметражды туындым. Сондықтан бұл фильміме артып отырған үлкен жауапкершілікті сеземін. Қазан айының соңында фильм отындық прокатқа шығады. Отандық көрермендердің көңілдерінен шығады деп үміттенемін», - деді режиссер Төлеген Байтөкенов.

1985 жылы құрылған Варшава кинофестивалі әлемге әйгілі Канн, Берлин және Венеция кинофестивальдері секілді FIAPF (Халықаралық кинопродюсерлер қауымдастығы федерациясы) тіркеуінен өткен. Фестивальдің мақсаты - әлемдік кинематографтағы ең жаңа әрі қызықты жобаларымен таныстыру.

«Біздің мақсатымыз, фильмді «Оскар» жүлдесін алғанға дейін көрерменге көрсетіп, ал режиссерді Канн кинофестивалінде марапатқа ие болғанға дейін таныстыру. Біз әлемге танылған киногерлердің соңынан жүгірмейміз. Мысалы, Михаэль Ханеке, Кристиан Мунджу, Павел Павликовски, Ари Фолман, Асгар Фархади сынды басқа да киногерлер, атақ-даңққа жеткенге дейін біздің фестивальдің қонақтары болған», - деп атап өтті Warsaw Film Festival фестивалінің ұйымдастырушылары.

Сондай-ақ Варшава кинофестивалінде тәуелсіз және инновациялық киноларға арналған «Free Spirit», сондай-ақ деректі және қысқаметражды фильмдерге арналған конкурстық бағдарламалар бар. Ал конкурстан тыс бағдарламалар шеңберінде «Польша классикасы», польшалық қысқаметражды фильмдер және халықаралық кинофестивальдерде көрсетілген әлемдік фильмдер көрсетіледі.

null
null
null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Мәдениет,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT