+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Қазақстандық велоспортшылар Олимпиадаға үш жолдама жеңіп алды

2019 жылғы 16 қараша 15:00
Бөлісіңіз:
Қазақстандық велоспортшылар Олимпиадаға үш жолдама жеңіп алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тасжолдағы велоспорттан Қазақстан командасы 2020 жылғы Олимпиада ойындарына үш жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ұқсас жаңалықтар
Оқыс оқиға: Қазақстандық велошабандоздарды көлік қағып кетті Атырауда велокростан алғаш рет ашық біріншілік өтті Tour of Almaty-2019 көрермендерін автобус тегін тасымалдайды

Әлемдік рейтинг қорытындысы бойынша Қазақстанға үш квота тиесілі (2018 жылдың 22 қазаны – 2019 жылдың 22 қазаны аралығы). Рейтингте қазақстандық спортшылар 3259,35 ұпаймен 19-шы орынға тұрақтаған.

Олимпиадаға іріктеу ережесі бойынша бұл нәтиже арқылы төртжылдық додасына үш спортшы жіберуге мүмкіндік бар. Сондай-ақ, 2004 жылдан бері біздің команда топтық сынға жолдама алып отыр.

Бүгін, 16 қараша күні Халықаралық велосипедшілер одағы (UCI) Қазақстан құрамасының үш жолдама иеленгенін ресми түрде бекітті.

Айта кетелік, квота жекелеген спортшыларға емес, командаға беріледі. 2020 жылғы Олимпиада ойындарында 197 велошабандоз сынға түседі (130 ер адам, 67 әйел адам).

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Олимпиада,
Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT