Қазақстандық велосипедші Қытай Кубогында жеңімпаз атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық трекші Сергей Пономарев Қытай Кубогының кейрин спортынан жарысын сенімді түрде жеңіп алды, деп хабарлайды оlympic.kz Қазақстанның велоспорт федерациясына сілтеме жасап.

Айта кететін жәйт, кейрин спортына қазақстандық екі спортшы Павел Воржев пен Сергей Пономарев шықты. Өте жақсы нәтиже көрсеткен Павел Воржев бірінші жартылай финалда жеңімпаз атанды.

Өкінішке қарай бір жарым шеңберлік финалдық кезеңде ол құлап, арқасын зақымдап алды.

Соңғы жаңалықтар