Қазақстандық велошабандоз жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жүлдегері атанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық велошабандоз Кирилл Курдиди жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Курдиди 1000 метр қашықтықта үшінші келіп, қола жүлдені жеңіп алған. Бірінші және екінші орындарды Ресей және Германия спринтерлері бөлісті.

«Кирилды тамаша нәтижемен құттықтаймыз!» - деп жазады Қазақстандық велоспорт федерациясының Instagram-аккаунтында.

Еске сала кетсек, жасөспірімдер арасында велоспорттан әлем чемпионаты 1-5 қыркүйек күндері Мысыр елінің Каир қаласында өткен. Бұған дейін әлем біріншілігінде қола медальді қазақстандық велошабандоз Юлия Голубкова жеңіп алған болатын.


Соңғы жаңалықтар