+7 (701) 759 90 19
USD 376.77 EUR 408.46
RUB 5.95 CNY 53.98
Jańalyqtar

Қазақстандық велошабандоз «Прованс турының» кезеңінде мәреге бірінші болып келді

2020 жылғы 15 ақпан 02:02
Бөлісіңіз:
Қазақстандық велошабандоз «Прованс турының» кезеңінде мәреге бірінші болып келді

ФРАНЦИЯ. ҚазАқпарат – Велошабандоз Александр Власов «Астана» велокомандасына биылғы маусымдағы алғашқы жеңісті әперді. Ол Францияның оңтүстігінде өтіп жатқан көпкүндік «Прованс турының» екінші кезеңінде үздік атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат команданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
«Астана» велокомандасынан Tour Down Under көпкүндігіне кімдер қатысады Оқыс оқиға: Қазақстандық велошабандоздарды көлік қағып кетті Қазақстандық велоспортшылар Олимпиадаға үш жолдама жеңіп алды

Власов 175 шақырым қашықтыққа созылған финалдық кезеңде барлық қарсыласын шаң қаптырып, бірінші келді.

Александар келген соң арада 24 секунд өткенде мәре сызығын кескен нидерландтық Вилко Келдерман екінші орын алса, ізін ала жеткен қазақстандық Алексей Луценко үшінші орынды қанағат тұтты.

«Астана» командасынан қатысқан тағы бір үміткер Алекс Аранбуру осы кезеңде 11-орын алды.

«Жеңгенім үшін өте қуаныштымын. Бұл менің «Астана» құрамындағы алғашқы маусымым. Сондықтан бүгінгі жеңіс – мен үшін өте ерекше. Биікке көтеріліп келе жатқанда Алексей Луценконы қорғап, бәріміз бірге жүріп отырдық. Сосын екі шабандоз бізді шабуылдаған кезде мен оларға жауап қайтару үшін бар жылдамдықпен алға озып кеттім. Арамызда бос кеңістік барын байқаған соң бар күшімді салып, әрі қарай тоқтамай жүре берейін деп шештім. Командама көп рахмет, мен бақыттымын», - дейді Александр қуанышын бөлісіп.


Фото: Getty Images


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Еуропа, Спорт,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT