Қазақстандық велошабандоз Испаниядағы көпкүндік жарыс кезеңінде жеңіске жетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «Астана» велокомандасының шабандозы Якоб Фульсанг «Андалусия вуэльтасы» көпкүндік жарысының үшінші кезеңінде мәреге бірінші болып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

34 жастағы даниялық велошабандоз «Bahrain–McLaren» командасынан Пельо Бильбаоны және «UAE Team Emirates» командасындағы Брэндон МакНалтиді артқа тастап, үздік болды.

Астаналық команданың тағы бір шабандозы испандық Йон Изагирре осы кезеңде төртінші орынға табан тіреді.

Айта кетейік, маршруттың жалпы ұзындығы - 176,9 шақырым.

Осылайша Якоб Фульсанг жалпы есептегі көшбасшылық орнын сақтап қалды.

«Андалусия вуэльтасы» — Испаниядағы Андалусия автономиялық қоғамдастығына қарасты Коста-дел-Соль өңірінің жолдарында өтетін көпкүндік веложарыс. Бәйге 23 ақпанда бес кезең түгел аяқталғанда мәреге жетеді.


Соңғы жаңалықтар