+7 (701) 759 90 19
USD 379.75 EUR 415.18
RUB 5.78 CNY 54.19
Jańalyqtar

Қазақстандық велошабандоз А.Кашечкин «Астанаға» оралғысы келеді

2011 жылғы 12 шілде 08:27
Бөлісіңіз:
Қазақстандық велошабандоз  А.Кашечкин «Астанаға»  оралғысы келеді

БРЮССЕЛЬ. 12 шілде. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - «Тур де Франс» турнирінің 9-шы кезеңінде «Pro Team Astana» командасының велошабандозы Александр Винокуров жарыс жолында құлап қалып,

жамбас сүйегін сындырып алғаннан кейін, қазақстандық танымал велошабандоз Андрей Кашечкин «Астана» командасының қатарына оралып, өз мансабын жалғастыруға ниет білдірді. Андрей қазір итальяндық «Lampre» командасының атынан өнер көрсетіп жүр.

А.Кашечкин «Астанаға» оралу туралы ниетін өзінің фан-клубының сайтында жариялаған. Бұрын «Астана» велокомандасының қатарында өнер көрсеткен А.Кашечкин жарақат алып қалған А.Винокуровқа өзінің қолдауын жеткізіп, тезірек жазылуына тілек білдірді.

ҚазАқпарат бұған дейін хабарлағандай, А.Винокуров Тур де Франстың 9-шы кезеңінде құлап қалып, жамбас сүйегін сындырып алған болатын. Команда көшбасшысының жарыс жолынан шығып қалуы жалпыкомандалық есепке әсерін тигізетіні сөзсіз. А. Винокуров жалпы есепте 11-ші болып және көшбасшы Team Garmin-Cervelo командасының өкілі норвег Тор Хушовдқа небәрі 32 секунд есе жіберіп келе жатқан. «Астана» командасында А.Винокуровтан кейінгі үздік көрсеткіш француз Реми Ди Григорионікі, бірақ ол норвегтен 13 минут 51 секундқа қалып, 69-шы орында келе жатыр, сондықтан да одан үлкен үміт күтуге негіз жоқ.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер:
Бөлісіңіз:

Автор:

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT