Қазақстандық ватерполшы қыздар Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үндістанның Бангалор қаласында су спорты түрлерінен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты жалғасуда. Қазақстандық ватерполшылар турнирдің күміс және қола жүлдегерлері атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ерлер командасы финалда Жапония құрамасына қарсы ойнап, жеңіліс тапты. Үздік үштікке Иран командасы да енген.

Ал қыздар командасы біріншіліктің қола жүлдесіне қол жеткізді. Алтынды Жапония, күмісті Өзбекстан құрамалары иеленді.

Соңғы жаңалықтар